13 Мамыр 16:12

Карантин бұзғандарға 1, 155 млрд теңгеден астам айыппұл салынған

Фото:

2021 жылғы 1 қаңтар мен 10 мамыр аралығында жұмысшы топ 80 352 рейд жүргізіп, 500 646 нысанды тексерген. Нәтижесінде 14 475 бұзушылық анықталған, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологилық бақылау комитеті.

Алматы, NEGE. Карантин талаптарын бұзушылық ШҚО (3 646), Түркістан (2 230), Алматы (2 036), Шымкент (1 609) және Алматы облысында (962) жиі тіркеліпті.​Тексерулер кезінде қызметіне тыйым салынса да жұмыс істеу, шектеу режимін сақтамау, шамадан тыс адам жинай отырып, бұқаралық іс-шаралар өткізу сынды бұзушылықтар көп анықталған.​

«Аталған мерзімде 268 материал сотқа жолданды. Сот шешімімен 70 нысанның қызметі тоқтатылды. 8 271 кәсіпкерлік нысан мен 6 425 жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, 1,155 млрд теңгеден астам айыппұл салынды»,– дейді комитет өкілдері.

Тегтер: