11 Ақпан 10:00

Қай аймақтар инвестицияны көбірек тартты?

Фото:

QazEconomy инвестицияны көбірек тартқан аймақтар рейтингін жариялады. Инвестициялық сыйымдылығы ең жоғары кәсіпорындар Атырау облысында орналасқан, ондағы жете капиталдандыру көлемі 2019 жылы 4,3 трлн теңгені құрады, бұл 2018 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,5%-ға артық.

Қарағанды облысы (+70,4%), Түркістан облысы (+53,2%) және Батыс Қазақстан облысында да (+28,9%) инвестициялар өсімінің артып келе жатқанын көруге болады.

Негізгі капиталға салынатын инвестициялар еңбек өнімділігінің деңгейі мен өңірдегі жалпы өнім көрсеткішін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Айталық, 2019 жылдың тоғыз айында елдің ІЖӨ-не Алматы қаласының (8,2 трлн теңге немесе ІЖӨ-нің 18,5%-ы), Атырау облысының (5,8 трлн теңге немесе 13%) және Нұр-Сұлтан қаласының (4,6 трлн теңге немесе 10,3%) кәсіпорындары ең көп үлес қосқан. ІЖӨ ең жоғары өсімі Шығыс Қазақстанда (9%), Атырау облысында (8,8%) және Нұр-Сұлтан қаласында (7,2%) байқалды.

Фото: QazEconomy

Тегтер: