USD
USD
USD

Есеп комитеті: Қазақстанның мемлекеттік қарызы қауіпсіз деңгейден асып кетті  

Қазақстанның мемлекеттік қарызының деңгейі ЖІӨ-нің 29,4% құрайды. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова осы негіздегі алаңдаушылығын Мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Есеп комитеті: Қазақстанның мемлекеттік қарызы қауіпсіз деңгейден асып кетті  
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Годунованың айтуынша, мемлекеттік қарыз жыл сайын өсуге бейім болып алған.

«Есеп комитеті соңғы жылдары ескертіп жүрген қауіп-қатер тәуекелдері орын алып жатыр. Қазір бұл 20,6 трлн теңгені құрайды. Қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы 29,4% -ке жетті әрі Жаңа фискалдық саясат тұжырымдамасында белгіленген 27% шегінен асты. Естеріңізде болар, 2014 жылға дейін мемлекеттік қарыздың қауіпсіз деңгейі ЖІӨ-нің 22% құрады. Бірақ ол жоғарылатылды. Оған негізді біз ол кезде байқамадық. Осыған байланысты қазіргі 29% жоғары деңгей болып саналады», - деді ол.

Сонымен қатар Есеп комитетінің басшысы жергілікті атқарушы органдар қарызының күрт өскенін, яғни 5 есеге артқанын айтты. Ол осы жылдың басында 1,1 трлн теңгені құраған, ал 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 217 млрд теңге.

«Әзірге, бұл бекітілген 1,6 трлн теңге лимиттің шегіндегі көлем, бірақ бұл да болашақта тәуекел тудырады», - деп сөзін қорытындылады Годунова.

Қазір оқып жатыр

Алматы және Алматы облысында электр энергиясы тарифін 8,3%-ға көтеру ұсынылды

тариф

Әбілқасымованы отставкаға жіберу туралы петицияға агенттік жауап берді

Мадина Абылкасымова

Таиландтан сәлемдеме алып жүрген алматылық жігіт 16 жылға сотталды

есірткі бизнесі

Ресейде кәмелетке толған азаматтарға әке-шешесін ата-ана құқығынан айыруға рұқсат етілмек

заң