Референдум Референдум
USD
USD
USD

Ерлан Тұрғымбаев полицияның басты міндетін айтты

Полиция митинг кезіндегі тәртіп бұзу әрекеттерімен күресуді жалғастырады. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осылай деп мәлімдеді, – деп жазды Polisia.kz.

Ерлан Тұрғымбаев полицияның басты міндетін айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанның бірнеше қаласында санкцияланбаған митинг өткізу және оған қатысу әрекеттері тіркеліп отыр. Бас прокуратураның бірнеше рет ескерткеніне қарамастан кей азаматтар елімізде тыйым салынған экстремистік ұйымның ұрандарына сеніп, алаңға шығады.

Олар көлік қозғалысына кедергі жасап, жолда коллапс туғызуға тырысады. Тәртіптің сақталуын қадағалап жүрген қызметкерлерге күш көрсетеді.

«Мұның бәрі азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығына қауіп төндіреді», – деді Ерлан Тұрғымбаев өңірлік полиция департаменттері және құрылымдық бөлімше басшыларымен өткен жиында.

ІІМ басшысы сондай-ақ, Қазақстан полициясының басты міндеті – халықтың бейбіт өмірі мен тыныштығын қамтамасыз ету екенін атап өтті.

«Полиция үшін ең бастысы – қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп. Заңға құлақ асатын азаматтарға алаңдайтын ештеңе жоқ. Бірақ митингке жұмысқа барғандай баратын кей азаматтар алаңдатады. Олар арандатушылардың ықпалында, сондықтан бейбітшілік пен тұрақтылық – біздегі ең құнды нәрсе екенін, оны барынша бағалау керектігін түсінбейді. Сол үшін полиция алдағы уақытта да ел қауіпсіздігі үшін қызмет етпек. Қазақстан халқының тыныш әрі бейбіт тіршілігін қорғау - біздің негізгі міндетіміз», – дейді Ішкі істер министрі.

Ведомство басшысының айтуынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзу әрекетіне қарсы күресті жалғастыра бермек. Ол қарамағындағы басшыларға полиция қызметкерлерін заңға қайшы, арандатушылық әрекеттерден қорғауды тапсырды.


 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда