15 Сәуір 19:30

Енді бәрі онлайн. ҚНРДА банктерді цифрлендіруге көшті

Фото:

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) екінші деңгейдегі банктермен шоттар және банк карталарын ашу үшін қашықтан қызмет көрсету алгоритмін пысықтады.

Халықтың мемлекет және Birgemiz қоры аударып жатқан төлемдерді алу үшін карточкалық шот болуы қажет. Осыны ескеріп, ҚНРДА банктерге карталарды қашықтан әрі тегін рәсімдеу бойынша ортақ үйлестіру қызметіне кірісті.

Қазір бұл қызметті 13 екінші деңгейдегі банк, сондай-ақ «Қазпошта» акционерлік қоғамы қашықтықтан көрсетіп отыр. Ол үшін:

·мобильдік қосымшада (егер болмаса, жүктеу және орнату), не банктің сайтында шот ашу

·тіркелу және қашықтан сәйкестендіруден өту

·мобильді телефон нөмірін және ЖСН енгізу

·жеке куәлікті сканерлеу (сұратқан жағдайда)

·картаның ашылғанын растау үшін SMS кодын енгізу қажет.

Клиент бірнеше минут ішінде шот нөмірі бар SMS алады. Кейбір екінші деңгейдегі банктер сондай-ақ картаны жеткізу бойынша қызмет көрсетеді. Орташа алғанда бұл рәсім 1 –5 күн аралығында жүзеге асырылады. Шұғыл қажеттілік болған кезде кейбір екінші деңгейдегі банктер қолма-қол ақшаны картасыз және комиссияларсыз алу мүмкіндігін енгізді. Сонымен бірге, клиенттер үшін онлайн сервистердің басқа да қызметтері қолжетімді болады. Мысалы онлайн нұсқада коммуналдық төлемдерді, байланыс қызметтерін төлеу, салым ашу, салықтық және кедендік төлемдерді жүргізу, жалақы аудару, ақша қаражатының жіберілу жолын қадағалау, POS/SMART терминалдар бойынша үзінді-көшірме алу жүргізілуі қажет. ҚНРДА өкілдерінің айтуынша, барлық операциялар комиссияларсыз жүзеге асырылады.

Тегтер: