15 Қыркүйек 12:46

Елімізде 12 млн тонна астық жиналды

Фото:

Елімізде егін орағы науқаны аяқталуға жақын.

Алматы  NEGE. 2021 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша республика бойынша 13,2 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы жинау алаңының 83,3% жиналды. ҚР АШМ мәліметінше, ағымдағы орташа өнімділік гекатарына 9,1 ц құрап, 12 млн тонна астық бастырылды. «Негізгі егін егетін үш өңірде Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстанда 10 млн га немесе жинау алаңының 86% жиналды. Өнімділік гекатарына 8,3 ц құрап, 8,2 млн тонна астық бастырылды», – делінген мәліметте. Министрлік сақтау сыйымдылығы өткен жылдан қалған астық пен биылғы болжанып отырған астық көлемін сақтауға жеткілікті екенін алға тартты.

Тегтер: