Доллар бағамы бірден құлдырады

24 қараша, 11:04
Доллар бағамы бірден құлдырады
Фото: google.com

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындылары бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді. 

Алматы, NEGE. Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 23 қараша кешімен салыстырғанда 2, 51 теңгеге құлдырап, 1 доллар 429,62 теңге болды.

Ұлттық банктің 24 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 432,15 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 431,83 теңге, сатып алу – 433,84 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 431,49 теңгеден болса, сатып алу құны – 433,36 теңге.