17 Қаңтар 12:12

Доллар арзандап жатыр

Фото:

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады. 

Алматы, NEGE. Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 16 қаңтар кешімен салыстырғанда 0,47 теңгеге төмендеп, 1 доллар 434, 37 теңге болды.

Ұлттық банктің 17 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 434,84 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 436,76 теңге, сатып алу – 438, 29 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 436,67 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 438, 47теңге.

Тегтер: