23 Маусым 18:00

Дәленовтің құтқару операциясы. Ұлттық экономика НЕГЕ рецессиядан қорқады?

Фото:

Бүгін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қазіргі экономикаға қатысты барлық шараларды тізбектеп, орындалу барысына тоқталып өтті. Бірақ министрдің жұмысына біз тек келесі жылдың алғашқы тоқсанында ғана әділ баға бере аламыз.

Үкіметтің негізі шараларын үш бағытқа бөліп қарауға болады. Олар: салықтық жеңілдіктер, қысқартылған тексерулер және жеңілдетілген несиелеу.

Салық бойынша не істедік?

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы салық режимдерін қолданатын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері үш жылға салық салығынан босатылды. Экономиканың әртүрлі салаларында, 2020 жылдың 1 қазанына дейін салық ставкалары, жалақы қорынан әлеуметтік төлемдер және мүлік салығы жойылды. Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер үшін жыл аяғында жер салығының ставкасы нөлге дейін төмендетілді. Сондай-ақ мал шаруашылығы саласындағы импортқа ҚҚС төлеу мүмкіндігі ұсынылды. 2020 жылдың 1 қазанына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ҚҚС ставкасы 12% -дан 8% -ға дейін төмендетілді. Сондай-ақ, 1 маусымға дейін салықтық әкімшілендіру және бақылау шаралары тоқтатылды. Шағын және орта бизнес үшін барлық салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімін кейінге қалдыру енгізілді.

Тексерулерді қысқарту бойынша қандай шаралар қабылданды?

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және микро кәсіпорындарды тексеруге және профилактикалық бақылауға үш жылға мораторий енгізілді. Алайда, жыл соңына дейін барлық бизнес санаттарының субъектілері үшін жаңа жоспарланған салықтық тексерулер жүргізілмейді.

Жеңілдетілген несие беру бойынша қандай жұмыстар атқарылды?

«Бизнестің жол картасы – 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша 6 пайыздық несие берілуде. Соның ішінде, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасындағы несие мөлшері 7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша несие сомасына шектеу қойылмайтын болды. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы саладағы шектеулерді алып тастады. Бұл шағын және орта бизнеске, қызмет түріне қарамастан, бағдарламаға қатысуға және жеңілдетілген қаржыландыру алуға мүмкіндік береді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша несиелеудің жалпы сомасы 1 трлн теңгеге дейін өсті.

Бірақ дәл қазір осы шаралар бірден жағымды нәтиже бере қояды деу қиын. Ең бірінші себебі, активтері ішкі жалпыұлттық өнімнің шамамен 40 пайызын құрайтын «Самұрық-Қазына» ұлттық қорының биылғы табысы 7 есеге құламақ. 1,2 трлн теңгеден тек 167 млрд теңге түсетін болса, ІЖӨ-нің салмағын сақтап қалу оңайға тимейді. Екінші себебі, іскерлік байланыстардың тұралап қалуы. Айналымдағы ақша массасының күрт құлдырауы бизнеске ауыр соққы болмақ. Салық қысқарса да, салық табыстан төленеді. Табыс болмаса, салық онсыз да төленбейді. Ал несиені алғаннан кейін қайтару керек. Қайтару үшін тиісінше табыс керек. Сондықтан арзан несие мен салықтың қысқаруы бизнеске бәлендей зор көмек деу күмәнді нәрсе. Осы тұста Руслан Дәленовке коронавирустың екінші толқыны келе қалған жағдайда, бұдан салмақтылау, тиімділеу көмек жолын қарастыру қажет.  

Тегтер: