19 Қаңтар 11:50

Brent маркалы мұнай бағасы 89 долларға жетті

Фото:

2022 жылдың наурызында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерсінің құны лондондық ICE биржасында 1,73%-ға өсіп, барреліне 89,02 долларға жетті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Алматы, NEGE. Бұған сәрсенбі күні Мәскеу уақытымен 04:48-де сауда алаңындағы деректер дәлел. Соңғы рет Brent маркалы мұнай бағасы 2014 жылдың қазанында барреліне 89 доллардан асқан.

Мәскеу уақытымен 04:53-те Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 88,95 доллар (+1,65%) болған. WTI-дегі фьючерс 1,71%-ға қымбаттап, барреліне 86,89 доллар болды.

Тегтер: