18 Ақпан 17:57

Биыл 14 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

Фото:

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев 2020 жылға арналған жоспары туралы айтты. Бұл туралы Kapital.kz хабарлады.

Алматы. NEGE. 2020 жылы елімізде 14,1 млн шаршы метр тұрғын үй салынбақ. Бұл – 130 мың баспана деген сөз. 2019 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 13,1 млн шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 4,9 пайызға артық. Былтыр тұрғын үй құрылысы саласына 1,4 трлн теңге инвестиция тартылған.

«Бүгінде құрылыс саласы жыл сайын өсім көрсетіп келеді. ЖІӨ-нің 5,6 пайызына жетті. Соңғы бес жылдықта құрылыс көлемі 1,5 есе артты. Бұл сала ел экономикасы секторларының ішінде жетекші орынды иемденді», – деді Қайырбек Өскенбаев.

Тегтер: