22 Қыркүйек 11:24

Баспана бағасы неге қымбаттап барады?

Фото:

 Елде тұрғын үйдің бағасы құрылыс құнынан екі жарым есе қымбат. 

Алматы, NEGE. Ресми мәліметке сүйенсек, тамыз айында елдегі дайын баспаналар 344 мың теңгеден саудаланған. Ал оны салу кезінде әр шаршы метріне шамамен 150 мың теңге қаржы жұмсалады.  Құрылыс құны мен үйдің бағасындағы айырмашылықты өңірлерге бөліп қарастырайық. Көш басында Маңғыстау тұр.

Мұнда әр шаршы метрге орташа есеппен 68 мың теңге жұмсалып, кейін 251 мың теңгеге сатылады. Демек, бағадағы айырым 3 есе. Ал Алматы және Жамбыл облыстарында ол бір проценттен аспайды. Жалпы, үй бағасы жоғары аймақтар жөнінен Нұр-Сұлтан алда тұр. Мұнда тұрғын үйдің құны өткен айларда 436 мың теңге деп белгіленді. Алматыда 408 мың,  Шымкентте 357 мың, ал Атырауда 314 мың теңге болады. Ең арзан үй Тараз, Ақтөбе, Қызылорда,Талдықорған және Орал қалаларында.

Тегтер: