Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 80,6 млрд теңге қарыз берілді

28 мамыр, 15:31

Фото: inbusiness.kz

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге «Кең дала», «Қарапайым заттар экономикасы» және «Агробизнес» бағдарламалары бойынша несие рәсімдеді. Бұл туралы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Айболат Әбенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «2 904 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге жеңілдікпен 80,6 млрд теңге қарыз берді. Өткен жылдағыдай «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 70 млрд теңге бөлінді. Бағдарлама бойынша қабылданған өтінімдер ақпан айынан бастап қаржыландырыла бастады. Өтінімдерді қысқа мерзімде мақұлдау шаруаларға айналым қаражатын толықтыруға, тұқым, гербицид, қосалқы бөлшек және оңтайлы сатып алу құны бойынша егіс жұмыстарына қажетті өзге де тауарлар мен қызметтерді сатып алуға мүмкіндік берді», – деді басқарма төрағасы.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации