15 Қаңтар 14:05

AQR екінші кезеңінің нәтижесі ақпанда жарияланады

Фото:

Банктерді кешенді түрде тексеріп жатқан AQR-дің (банк активтерінің сапасын бағалау) толық қортындысы 15 ақпанда жарыққа шықпақ. Бұл туралы Мәжіліс қабырғасында тілшілермен тілдескен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов хабарлады.

Екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын бағалаудың (AQR) бірінші кезеңі аяқталды. 2019 жылғы қызметтің, қаржылық және реттеушілік есептің нәтижесін қалыптастыруды ескере отырып, банктер жан-жақты шаралар жоспарларын әзірлеуде. Әрбір банк бойынша жоспарлар қаржы реттеушісіне мақұлдауға жіберілетін болады. 

«Қорытынды нәтижелердің алынуына қарай ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жеке шараларды әзірлеуге және банктермен талқылауға кіріседі», - деді Нұрлан Әбдірахманов.

Әбдірахманов Қазақстан банк секторын тексерудің Еуропа орталық банкі әдістемесіне сай жүргізілгенін айтты. Банк секторы активтерінің сапасын бағалауды сол кездегі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 30 қаңтарында Ұлттық банкке тапсырған болатын. AQR форматы бойынша банктерді тексеру ел тарихында тұңғыш рет жүргізіліп отыр. Оған банк секторының 87 пайызын қамтитын 14 ірі банк қатысты.

Тегтер: