12 Ақпан 19:30

Алматының іскер ауданы қайсы?

Фото:

Алматының бір ауданының өзі өнеркәсіп өнімінің төрттен бірін беріп отыр.

Алматы, NEGE.  «Ауданның өндіріс көлемі 941 өнеркәсіптік кәсіпорын есебінен қалыптасады, оның ішінде 37-сі ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындар және 904-і шағын кәсіпорындар. Жетісу ауданы Алматының өнеркәсіп өндірісінің көлемі бойынша сегіз ауданның ішінде бірінші орында тұр, немесе 23%», – деді Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов сәрсенбідегі брифингте.

Оның айтуынша, бұл аудан бөлшек сауда көлемі бойныша бірінші орында тұр және көтерме сауда бойынша аудандар арасында төртінші орында.

«Бөлшек сауда көлемі Т800,2 млрд құрап, 2,4% өскен, көтерме сауда көлемі – Т1,9 трлн болып, 0,1% өскен, құрылыс жұмыстарының көлемі 5,4% болды», – деп атап өтті Қиқымов.

Тегтер: