28 Қаңтар 19:00

Алматыда жылына 45 мың көлік құрастыратын «Hyundai» зауыты ашылады

Фото:

Қазақстанда биыл 10-нан астам жаңа автокөлік түрі шығарылады. Ал елде құрастырылатын автокөлік санын жылына 100 мыңға дейін жеткізу жоспарланған.

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің Ұлттық автокөлік павильонындағы автокөлік құрастырушы компаниялары өкілдерімен өткізген жиында белгілі болды. Бұл туралы үкіметтің ресми сайты хабарлайды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша, автокөлік құрастыру өндірісі Қазақстанның машина жасау саласындағы үлесін 26%-ға өсіре алған (2018 ж. – 19%). Былтыр жалпы құны 360 млрд теңгеге жуық болатын 50 мың дана көлік құрастырылып, оның 2,7 мыңы экспортқа шығарылған. Биыл сыртқа сатылатын көлік саны 10 мыңға жетеді деген жоспар бар көрінеді.

Автокөлік нарығындағы отандық көліктердің үлесі 59%-ға жеткен, Қазақстанда ең көп сатылатын 5 көлік түрінің 4-еуі Қазақстанда құрастырылған. Үкімет сайтының хабарлауынша, жыл аяғына дейін Алматыда жылына 45 мың көлік құрастыратын «Hyundai» зауыты іске қосылады.

Тегтер: