Алматыда электр қуаты қымбаттады
тағы да қымбаттады. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Болат Сәмбетов брифинг барысында мәлімдеді.
Алматы,NEGE. Департамент басшысы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр қуатының тарифі біршама көтерілгенін айтты.
«Өткен жылдың соңында «АлматыЭнергоТарату» ЖШС бағаны көтеру туралы өтініш жасады. Нәтижесінде тариф 4,6%-ға қымбаттап, тұтынушылар әр кВт үшін енді бұрынғыдай 16 теңге 36 тиын емес, 17 теңге 12 тиын төлейді. Мұндай шешім қабылдауға электр қуатын жеткізетін алпауыт компаниялардың қызмет құнын өсіруі себеп болған. Нақтырақ айтқанда, «Жаңартылатын энергия көздері бойынша есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС электрмен жабдықтау қызметтеріне тарифті 30%-ға, «KEGOC» желілері арқылы электр қуатын жеткізу бойынша қызмет 12%-ға, «ҚТЖ» АҚ қызметтерінің 2%-ға қымбаттауы», – деп түсіндірді Болат Сәмбетов.
Оның айтуынша, қазір қаладағы суық су тарифі – 42,8 теңге, кәріз суы – 23, 13 теңге, жылу бағасы – 3365 теңге, газ – 26,5 теңге.