18 Наурыз 15:15
...

Алматы: 29 млн шаршы метр аумақ жуылады

Фото:

Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары Диас Ахметқалиев Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында карантин жағдайындағы жұмыстар туралы баяндады. 

Алматы, NEGE. Бүгінде Алматыдағы төтенше жағдайлар режиміне байланысты қалалық коммуналдық қызметтерінде тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды. Барлық көшелер мен тротуарларды және жаяу жүргіншілер жолдарын жуу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы көлемі 29 млн шаршы метр. Бұл 230 жол және 50-ден астам тротуарлады тазалайтын машиналар. Қаладағы қоқыс жәшіктеріне, саябақтар мен скверлердегі балаларға арналған ойын, спорт алаңдарына және басқа да тұрғындар көп шоғырланған орындарға дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.

Қоқыс шығаратын ұйымдар күнделікті кестеге сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруда. Қаладағы контейнерлік алаңдар мен контейнерлерді дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Қалдықтарды шығарғаннан кейін барлық арнайы техникалар (268 бірлік қоқыс таситын көлік) дезинфекциялаудан өткізіледі.

Құрметті қала тұрғындары, сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін барлық пайдаланылған медициналық қалдықтарды әрі қарай заласыздандыру мақсатында бөлек пакеттерге жинап шығаруларыңызды сұраймыз.

Тегтер: