20 Қаңтар 16:45

Ақша айырбастау бөлімшелерінің жұмыс кестесі өзгереді

Фото:
Алдағы айдан бастап Қазақстандағы ақша айырбастау бөлімшелерінің жұмыс кестесі өзгереді. Енді олар таңғы 9-дан кешкі 8-ге дейін ғана қызмет көрсете алады. Бұл туралы Хабар-24 телеарнасы хабарлады. 

 

Алматы, NEGE. Десе де темір жол вокзалы, әуежай және кеден бекеттеріндегі айырбастау бөлімшелері тәулік бойы жұмыс істей береді. Сондықтан шет елден Қазақстанға келген немесе керісінше шетелге шығатын отандастарымыз ақша айырбастауда қиындық көрмейді. Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, жаңашылдық валюта айырбастау орындары мен олардың клиенттерінің қауіпсіздігі үшін қолға алынды. Бұған қоса кешке қарай валюта бағамын қолдан өсірілуін азайтып, жоқ жерден дүрбелең туғызуды доғарады.

Сондай-ақ, алдағы уақытта республикалық маңыздағы қалалар мен облыс орталығында орналасқан айырбастау бөлімшелерінің жарғылық құны 100 миллионнан кем болмауы керек. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары үшін ереже 1 сәуірден бастап күшіне енеді. Ал облыс орталықтары үшін 1 шілде, ал аудандар үшін келер жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Енді валюта бағамына тоқталсақ. Ұлттық банк белгілеген ресми бағам бойынша АҚШ-тың бір доллары 376 теңге 51 тиынға тең. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 376-377 теңгеге сатып алуға болады.

Тегтер: