Айналымнан 60 млн теңге көлемінде жалған ақша алынды

09 маусым, 17:32

Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. «Мұндай қылмыстарды ашу, ең алдымен, жалған ақшаның табылғаны туралы уақтылы ақпарат берумен тікелей байланысты екені белгілі. Көбінесе, жалған ақшаны анықтау мүмкіндігі болмағандықтан, ол дүкендерде және базарларда есеп айырысу үшін немесе ақша айырбастау кезінде айналымда қолданылады. Осыған заманауи нанотехнологияларды қолдана отырып, жалған ақша жасау да ықпал етеді, өз кезегінде бұл жалған ақшаны анықтауды қиындатады», – деп жазылған хабарламада. 

Бүгінде Қаржылық мониторинг агенттігі жалған ақшаны өткізетіндерді ғана емес, оны жасаушыларды да анықтаумен айналысады. Ведомство соңғы 5 жылда жалпы сомасы 60 млн теңге жалған ұлттық валютаны айналымнан алған. 

«1 099 800 АҚШ доллары, 226 900 еуро, 1 327 020 рубль, 6 100 түрік лирасы, 1600 юаньға тең 12 мыңнан астам шетел валютасы тәркіленді. Жалған ақша өндіру бойынша 29 астыртын цех қызметінің жолы кесілді, 7 мыңнан астам жалған ақша купюрасы жойылды, 102 адам сотталды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Соңғы жылдары жалған ақшаны жасау және өткізу халықаралық сипатқа ие болуда. Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан, Ресей және Грузия азаматтарынан тұратын трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кескен. 

«Олар 75 мың еуроға құны 500 евро жалған банкноттарды жеткізудің халықаралық арнасын ұйымдастырды. Сондай-ақ, 935 мыңнан астам АҚШ долларына 100 долларлық жалған ақша белгісін өткізудің жолы кесілді», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации