USD
USD
USD

23 қарашадан бастап қандай жолдар ақылы болады?

23 қарашадан бастап 4 жолақтан тұратын бірінші санаттағы республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесі ақылы болады, деп хабарлады "Қазавтожол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

23 қарашадан бастап қандай жолдар ақылы болады?
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Бүгіннен бастап ақылы болатын жолдар:

Нұр-Сұлтан - Павлодар;

Қапшағай - Талдықорған;

Тараз - Қайнар;

Шымкент - Тараз;

Шымкент - Қызылорда;

Шымкент - Ташкент;

Щучинск - Көкшетау. 

«Аталған учаскелерде ақылылықты енгізу туралы бұйрық әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті және осы жылдың 23 қарашасында заңды күшіне енеді, сәйкесінше осы күннен бастап жол жүру ақысы алынатын болады», – делінген хабарламада.  

Ұлттық компанияның мәліметінше, ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастады.

Ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтарының орналасқан жері:

«Қапшағай – Талдықорған», 252+150 шақырымда сол жағынан (Талдықорған қаласынан шығаберісте), Талдықорған қаласының аумағында Қапшағай бағытында орналасқан.

«Тараз – Қайнар», 453+300 шақырымда оң жағынан (Ақшолақ ауылы), Тараз қаласынан шығаберісте Қайнар ауылына барар бағытта, Тараз қаласынан 37 шақырым жерде орналасқан.

«Шымкент – Қызылорда», 2127+000 шақырымда оң жағынан (Иқан ауылы); Түркістан қаласынан Шымкент шаһарына шығаберісте, Түркістан қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан.

«Шымкент – Тараз», 648+500 шақырымда оң жағынан (Машат ауылы), Шымкент қаласынан Тараз шаһарына барар бағытта, Шымкент қаласынан 28 шақырым жерде орналасқан.

«Шымкент – Өзбекстан» шекарасы, 792+000 шақырымда оң жағынан, Атамекен ауылынан Шымкент қаласына барар бағытта, Шымкент қаласынан 86 шақырым жерде орналасқан.

«Нұр-Сұлтан – Павлодар», 20+400 шақырымда сол жағынан (Қоянды ауылы), Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар шаһарына барар бағытта, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан.

«Нұр-Сұлтан – Павлодар», 1239+500 шақырымда оң жағынан (Бәйет ауылы.), Павлодар қаласына барар бағытта, Нұр-Сұлтан шаһарынан 239 шақырым және Екібастұз қаласынан 53 шақырым жерде орналасқан.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

 Alfa Nero

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

 Бөрте Сайранбекқызы

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

ресей

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды

Полиция