USD
USD
USD

2020 жылы ашылатын халықаралық рейстер

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайларындағы «ашық аспан» режимі туралы айтылды.

2020 жылы ашылатын халықаралық рейстер
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Халықаралық бағыттардағы бәсекені арттыру және авиабилеттердің құнын арзандату мақсатында өткен жылдың 1 қарашасында ҚР Президентінің тапсырмасымен еліміздің 11 әуежайында «ашық аспан» режимі енгізілді. Бүгінде Қазақстан 26 елмен 99 халықаралық бағыт бойынша әуе қатынасын жүзеге асыруда», – дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев.

Ол 2019 жылдың басынан бері қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары 12 халықаралық әуе рейсін ашқанын айтты. «Ашық аспан» аясында жаңа 14 халықаралық әуе рейсі ашылады деп жоспарланған. Qatar Airways, LOT, Salam Air, Jazeera Airways, Air Asia және басқа да ірі компаниялар келіп, елордамыз бен Алматыны Доха, Маскат, Куала-Лумпур және басқа да қалалармен байланыстырады деп күтілуде», – дейді вице-министр. Сондай-ақ, оның айтуынша, 2020 жылы Air Astana әуе компаниясы Алматы-Париж бағыты бойынша жаңа рейс ашуды жоспарлап отыр. Одан бөлек Алматы-Мумбаи бағытында әуе рейсін ашу мәселесі қарастырылып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті