3 Наурыз 15:00

2009. Жәкішев. Рекорд

Фото:

Мұхтар Жәкішевті қанша түрмеге тықсаңыз да, оның бір нәрсесін тартып ала алмайсыз. Жәкішев - Қазақстанды бүкіл әлем тарихында тұңғыш рет уран өндірісі бойынша көш басындағы мемлекетке айналдырған жалғыз топ-менеджер. Жәкішев отырғызып кеткен бірінші орыннан біз әлі күнге дейін түспей келеміз. Nege.kz сізді 2009 жылдан бастап Қазақстанның уран индустриясы қалай дамығанын еске алуға шақырады.

2009 жылы Қазақстан өз тарихында тұңғыш рет уран өндірісі бойынша барлық елдерді артта қалдырды. Ол нәтиже бізге өзімен-өзі келе қойған жоқ. Осы жолда Қазатомпром басшысы Мұхтар Жәкішев табаны күректей 10 жыл бойы, 1998 жылдан бері еңбек етті. Жаңа рудниктер ашылды, ескі рудниктердің өндірістік қуаты кеңейтілді. Уран өндірудің жаңа технологиялары енгізілді. Қазатомпром әлемдік алпауыттармен келісім-шарттар жасасып, өз өнімін көптеген мемлекеттерге сатуға мүмкіндік алды. Жәкішев осы еңбектің нәтижесін 2009 жылы көрді. Сол жылы Бүкіләлемдік ядролық қауымдастық өз рейтингінде Қазақстанды уран өндірісі жөнінен бірінші орынға қойып, бұған дейін көш бастап келе жатқан Канаданы екінші сатыға жылжытты. Бұл еліміздің тарихи жеңісі еді. Және дәл сол жылы Мұхтар Жәкішев түрмеге тоғытылды.

  Фото: world-nuclear.org

Тегтер: