4 Мамыр 14:08

1,3 триллион теңгеден НЕГЕ айрыламыз?

Фото:

Сауданың құлауы экономиканы да құлатпақ. Іскерлік белсенділіктің төмендеуі экономиканың барлық нақты салаларында байқалып отыр. Бірақ оның ішінде қызмет көрсету саласы ең көп зардап шекті. Саланың наурыздағы белсенділік көрсеткіші небәрі 38,7 тармақты құраған деп жазады, Финревю.

Құлдырау барлық салалардағы жағдайдың нашарлауына байланысты. Жаңа тапсырыстар азайды, жеткізілім уақыты ұлғайды, қызметкерлер саны күрт төмендеді. Сонымен қатар, индикатор қатарынан үшінші ай бойы 50 тармақтан төмен түсіп отыр. Демек карантин бұрын да жағдайы мәз емес мәселені одан бетер ушықтырды.

Фото: finreview.info

Коронавирус әсер еткен экономиканың тағы бір саласы құрылыс болып табылады. Жаңа тапсырыстар санының азаюына, құрылыс жұмыстарының азаюына және жұмыспен қамтылудың төмендеуіне байланысты индекс 2020 жылдың наурыз айында бар болғаны 43,5 тармақты құрады.

Әрине, экономиканың нақты секторларындағы іскерлік белсенділіктің мұндай күрт төмендеуі экономикалық көңіл-күйдің нашарлауына және кәсіпкерлердің күтіп қалуына әкеледі. Олардың кірістері азайып, қарыздар, керісінше, өсуде. Орташа алғанда, компаниялар өз кірістерінің 72% жоғалтты, атап айтқанда, өңдеу секторының кірісі 6 есеге, ал қызмет көрсету секторы 3 еседен астамға азайды.

Нәтижесінде, 2020 жылдың ақпан айында елдің бизнес-климат индексі 2016 жылдың басынан бастап алғаш рет 1,1 тармаққа дейін төмендеді. Наурызда ол -24,5 баллға дейін төмендеді.

 

Онлайн дәстүрлі сауданың орнын толықтай бас алмайды

Азық-түлік пен тұрмыстық тауарларды сатудан түскен кірістер 5 есе төмендеген авиакомпания билеттерін, киім-кешек, тұрмыстық техниканы, автомобильдерді сату сияқты сауданың басқа секторларының орнын толтыра алмаған. Нәтижесінде бүкіл сауда секторының кірісі 39%-ға азайды.

Кәсіпкерлер электронды саудаға белсенді көшкенімен, керісінше интернеттегі сатылым қарқыны былтырға қарағанда төмендеп кеткен. Сәуірдегі орташа күндік сатылым бірден 75% -ға төмендеді, мысалы, тұрмыстық техниканы сатып алу 52% -ға, спорттық тауарлар 78% -ға, интернет-гипермаркеттер айналымы 11% -ға құлдыраған.

Яғни, қазіргі карантиндік жағдай елдегі шағын және орта бизнесті толығымен тоқтатты. Бұл Қазақстан экономикасына қаржылық шығын алып келмек. Оның басты себебі, шағын және орта бизнес жалпыұлттық ішкі өнімнің 29,5%-ын құрайды. Сондықтан, ұлттық экономикаға 1,3 триллион теңге жоғалтуы мүмкін.

Тегтер: