USD
USD
USD

«Eco Almaty» директоры жуапқа тартылды

Медеу ауданының прокуратурасы сотта азаматтық істерді қарау нәтижелері бойынша Алматыда жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау кезіндегі бұзушылықтарды анықтады.

Алматы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қалада ағаштар автокөлік құралдарына, әсіресе азаматтарға зиян келтіре отырып, жауын-шашынды және желді ауа райында құлауы жиі кездесетінін талдау көрсетті.

Жоғарыда көрсетілген фактілер келтірілген материалдық шығынды өндіріп алу және автокөліктерді қалпына келтіру мақсатында адамды сотқа жүгінуге мәжбүрлейді.

2023 жылдан бастап сот азаматтардың 51,3 млн теңгені өтеу туралы 32 талап-арызын қарады. Бұл ретте бюджеттен 31,2 млн теңге өндірілген.

«Прокурорлар, жасыл желектерді күтіп ұстау бойынша көзделген шаралар тиісті түрде қабылданбағанын анықтады. Кешенді түгендеу және орман патологиялық зерттеу, сондай-ақ мәліметтерді тиісті базаға енгізу жұмыстары толық көлемде жүргізілмеген. Аталған факті бойынша Медеу ауданының прокуратурасы заң бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізді. Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша «Eco Almaty» ЖШС директоры тәртіптік жауаптылыққа тартылды, апатты ағаштарды анықтау жөнінде қосымша шаралар қабылдануда», - делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов