USD
USD
USD

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге электромобильдерді бажсыз өткізу 2 жылға ұзартылды

Мәскеуде өткен ЕЭК кеңесінің кезекті отырысында одақтас елдердің интеграциясындағы кедергілерді жоятын және сауда-экономикалық қатынастарын жеңілдететін бірқатар шешім қабылданды, деп хабарлайды Kazinform.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге электромобильдерді бажсыз өткізу 2 жылға ұзартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алулары аясында алынатын тауарлардың тізбесін кезең-кезеңмен кеңейтуде. Тізім тағы бір позицияға кеңейді – бұл киім-кешек пен керек-жарақтар, оның ішінде қолғаптар, резеңке қолғаптар бар.

Еске сала кетейік, биыл отандық кәсіпкерлердің ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің 63 тауар түрі бойынша мемлекеттік сатып алуларына қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Бұдан басқа өндірістік және технологиялық операциялардың бірыңғай шарттары көзделмеген 276 тауар позициясы бойынша СТ-1 сертификатын пайдалану мүмкіндігі 1 жылға ұзартылды», - делінген Сауда және интеграция министрлігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кедендік шекарасы мен аумақтарында ветеринариялық бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібіне өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, бірқатар термин түзетілді. Ветеринариялық, дәрілік, диагностикалық, дезинфекциялық және басқа да құралдарды, сондай-ақ жемшөп қоспаларын әкелу және ауыстыру шарттары, ветеринариялық сертификаттардың нысандары анықталды. Ветеринариялық бақылау кезінде зертханалық сынақтар жүргізуді ұйымдастыру бөлігіндегі нормалар да толықтырылды.

ЕЭК кеңесі 2024 жылға арналған ЕАЭО елдеріне сиыр етін бажсыз өткізу квоталарын бекітті. Қазақстанда еттің осы түрінің өндірісі ішкі қажеттілікті іс жүзінде толығымен жабатынын ескере отырып, еліміз үшін квота мөлшері ең төменгі 5 мың тонна көлемінде (Ресей – 100 мың тоннаға дейін, Армения – 8,5 мың тоннаға дейін, Беларусь – 7,5 мың тоннаға дейін, Қырғыз Республикасы – 3,5 мың тоннаға дейін) айқындалды. Импортталған сиыр етінің қосымша көлемі өңдеуге бағытталатын болады. Бұл шара еліміздегі шұжықтар мен басқа да ет өнімдерінің құнын арзандатуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар