USD
USD
USD

ЕАЭО-ға мүше екі елдің нақты табысы төмендеген, оның ішінде Қазақстан да бар

Еуразиялық экономикалық комиссия мәліметінше, 2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстандағы орташа айлық номиналды жалақы 461 486 теңгеге жеткен. Номиналды өсім 109,1%-ды құрағанымен, халықтың нақты сатып алу қабілеті төмендеген.

Ақша
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында айтылған.

Биылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында одаққа мүше барлық мемлекеттерде орташа айлық номиналды жалақы 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өскен. Алайда тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағалар индексін ескере отырып есептелетін нақты жалақы тек үш елде ғана артқан.

Нақты табыстың ең жоғары өсімі Ресейде (108,7%) және Беларусьте (107%) тіркелді. Қырғызстанда бұл көрсеткіш 105,2%-ды көрсеткен. Ал Армения (98,8%) мен Қазақстанда (97,7%) халықтың нақты табысының төмендегені байқалады.

АҚШ долларымен есептегендегі (ұлттық банктердің орташа бағамдары бойынша) орташа жалақы рейтингі мынадай:

  • Ресей –1 367 доллар;
  • Беларусь – 975 доллар;
  • Қазақстан – 927 доллар;
  • Армения – 813 доллар;
  • Қырғызстан – 534 доллар.

Бұл макроэкономикалық үрдіс Ұлттық статистика бюросының ішкі деректерімен де сәйкес келеді. Сарапшылар биылғы жылдың басты парадоксына назар аударған: орташа жалақының ресми түрде өсуіне қарамастан (кей кезеңдерде ол 473 мың теңгеден асқан), инфляциялық қысым салдарынан халықтың нақты табысы қысқарып келеді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк тасымалдаушылардан кепілдік жарна талап етіле бастайды

«Қазығұрт» өткізу бекеті