USD
USD
USD

Дзюдошы Бексұлтан Құлмырза V Азия Пара ойындарында ел қоржынына тағы бір алтын медаль салды

Қазақстандық парадзюдошы Бексұлтан Құлмырза Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында чемпион атанды.

Бексұлтан Құлмырза
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Астана, NEGE. Бексұлтан Құлмырза J2 санатында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол финалдық кездесуде Корея Республикасының өкілі Ким Донхунды 1 минут 44 секундта иппон әдісімен жеңіп, алтын медаль жеңіп алды. 

Айта кетейік, бұған дейін жерлесіміз Ибраһим Нұрмаханұлы V Азия Пара ойындарында пара дзюдодан чемпион атанған болатын. Ол J2 класында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ибрагим финалда өзбекстандық Кемран Нуриллаевты жеңді. 

Ал қазақстандық спортшы Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен Азия Пара ойындарының рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алған еді. Ол 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі мүмкіндігін сәтті орындап, үздік нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ пара оқ атудан Еркін Ғаббасов 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкамен нысана көздеуде 249,1 ұпай жинап, бірінші орын иеленді. Бұл нәтиже Азия Пара ойындарының жаңа рекорды болып тіркелді. Сонымен қатар Еркін Ғаббасов Лос-Анджелес 2028 Паралимпиада ойындарына жолдама алды.

Қазіргі таңда ұлттық құрама қоржынында төрт алтынды қоса есептегенде, 20 медаль бар. 

Қазір оқып жатыр

Ақорданың ақпараттық блогында кадрлық ауыс-түйістер болды

Евгений Кочетов, Қанат Құлшыманов

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы ұсталды: СІМ түсініктеме берді

Заң

Ресейлік рэпер NAVAI Қазақстаннан шығарылды: оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Наваи Бакиров

«Әлсіз кезімізде жасаған келісімдерді сақтауымыз керек»: экономист мұнай жобалары туралы

Decaf