USD
USD
USD

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Әбиба Әбужақынова
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде италиялық Асунта Скуттомен кездесті.

Нәтижесінде Италия өкілі иппон әдісімен жеңіске жетті. Осылайша Әбиба Әбужақынова күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова - дзюдодан әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақ қызы. Бұл - спортшының әлем біріншілігіндегі үшінші медалі. Бұған дейін ол екі мәрте қола жүлдегер атанған болатын.

Сонымен қатар 13 маусымда, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мағжан Шамшадиннің де жүлде жеңіп алуға мүмкіндігі болған. Алайда ол жұбаныш белдесуінде венгриялық Мартон Андрасиға жол берді.

Қазір оқып жатыр

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған