USD
USD
USD

Дзюдодан әлем чемпионаты: Елдос Сметов пен Ғалия Тынбаева бірінші кезеңде жеңіске жетті

Әбу-Даби қаласында (БАӘ) дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Бүгін Қазақстан сапынан 4 спортшы татамиге шығады, деп жазады Olympic.kz.

Дзюдо
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. 48 келі салмақтағы Ғалия Тынбаева бірінші айналымда бразилиялық Аманда Лиманы "ваззари" ұпайымен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Оның ендігі қарсыласы - испаниялық Лаура Мартинс Абеленда.

60 келі салмақтағы Елдос Сметов те екінші айналымға жолдама алды. Ол бірінші белдесуінде вьетнамдық спортшыны шидо санымен жеңді. Сметовтің кезекті қарсыласы - Оңтүстік Корея өкілі Ким Вон Джин.

Қазір оқып жатыр

«Самұрық-Қазынаны» тарату жаңа проблемалар туғызуы мүмкін – Болат Жәмішев

Болат Жәмішев

Ресей елшілігінің наразылығынан кейін Тараздағы қираған стела қалпына келтірілді

Таразда қалпына келтірілген стела

Тоқаев Үкіметке агросақтандыру жүйесін жетілдіруді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Олжас Құспеков: Университеттер өндіріс сұранысына бейімделуі керек

Олжас Құспеков