USD
USD
USD

Дзюдошылар Еуропа кубогінде үшінші орын алды

29 ақпан мен 1 наурыз күндері Түркияның Анталия қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Дзюдошылар Еуропа кубогінде үшінші орын алды
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Екі күнге созылған жарыста Қазақстан жасөспірімдер командасы 1 алтын, 4 күміс және 3 қола жүлдемен аяқтады. 

Анталия татамиіне әлемнің 16 елінен 515 дзюдошы жиналды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы медаль кестесінде 3-ші орынға жайғасты.

60 келіге дейінгі салмақта Мерей Марханбетов қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. Олжас Еренғайбов (60 кг),  Нұрайлым Сәрсенбек (40 кг), Аружан Ережепова (52 кг) мен Шапағат Дәулет (57 кг) күміске қол жеткізді. Ал  Олжас Құмар (55 кг),  Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кг) пен Әділ Абдуахатов (73 кг) қола жүлдені Қазақстан қоржынына салды.

Айта кетерлігі, аталған жарыс жасөспірімдер құрамасының жаңа маусымдағы алғашқы жарысы болды. Жарысқа 2003-2005 жылғы жасөспірім дзюдошылар қатысты. 

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.