USD
USD
USD

Дзюдошы Бауыржан Нарбаев финалға шықты

Тель-Авивте (Израиль) дзюдодан әлемдік «Grand Slam»  жарысы өтіп жатыр.

Дзюдошы Бауыржан Нарбаев финалға шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық дзюдошы Бауыржан Нарбаев финалға шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол финалда украиналық Артем Лесюкпен кездеседі.

Сондай-ақ, дәл осы салмақ дәрежесінің қола жүлдесін Мағжан Шамшадин сарапқа салады. Оның жұбаныш финалындағы қарсыласы әзірбайжандық Карамат Гусейнов болады.

Ерлер арасында 66 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ғұсман Қырғызбаев та қола жүлде үшін күреседі. Оның қарсыласы Украина спортшысы Богдан Ядов болмақ.

Айта кетерлігі, 66 келіде татамиге шыққан Елдос Сметов жарыстың екінші белдесуінде қарсыласына жол берді.

Финалдық бәсекелер елорда уақытымен 21:00-де басталады. 

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur