USD
USD
USD

Дзюдодан Азия біріншілігі қалай өтуде?

Елордада өтіп жатқан дзюдодан Азия біріншілігінде екінші жарыс күнінен кейін ел құрамасы жалпы командалық есепте қай орында келе жатқаны белгілі болды.

Дзюдодан Азия біріншілігі қалай өтуде?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазіргі дейін қазақстандық спортшылар 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль алды. Нәтижесінде олар жалпы командалық есепте төртінші орында тұр.

Ел құрамасынан Данияр Шамшаев (73 келі) алтын, Абиба Абужакынова (48 келі) күміс, Мағжан Шәмшадин пен Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) қола медаль алды.

Бұл бойынша Жапония 8 (5-3-0) медальмен бірінші орында келеді. Одан кейінгі орындардағы Моңғолияның 5 (2-0-3), Өзбекстанның 7 (1-2-4) медалі бар.

Айта кетерлігі, екінші жарыс күніндегі нәтиже бойынша барлығы тоғыз елден балуандар жүлдеге қол жеткізді. Олардың қатарына аталған құрамалардан өзге Оңтүстік Корея, Қытай, Тәжікстан, Тайвань, Қырғызстан, Біріккен Араб Әмірлігі спортшылары енгізілген.

Айта кетейік, құрлықтық дода 7 тамыз күні мәресіне жетеді.

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар