USD
USD
USD

Дзюдо: Азия біріншілігіне кімдер қатысады?

Елордада 4-7 тамыз күндері өтетін дзюдодан Азия біріншілігіне қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды.

Дзюдо: Азия біріншілігіне кімдер қатысады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құрлықтық додаға Азияның 19 елінен 200-ден астам балуан келеді деп күтілуде. Спортшылар 14 салмақта сынға түседі.

Олардың қатарында еліміздің атынан қатысатын 18 балуан бар.

Ерлер арасында Мағжан Шамшадин (60 келі), Бауыржан Нарбаев (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Ерлан Серікжанов (73 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Дидар Хамза (90 келі), Нұрлыхан Шархан (100 келіге дейін), Ислам Бозбаев (100 келіге дейін), Әділ Оразбаев (100 келіден жоғары) татами төрінде тайталасқа түседі. Ал әйелдерде Абиба Әбужакинова (48 келі), Ғалия Тынбаева (48 келі), Гаухар Ирмагамбетова (52 келі), Севара Нишанбаева (57 келі), Прозрачная Нарынова (63 келі), Анастасия Маякова (70 келі), Аруна Жангелдина (78 келіге дейін), Камила Берликаш (78 келіден жоғары), Назгүл Маратова (78 келіден жоғары) жарыс жолына шығады.

Айта кетсек, IJF ережесі бойынша, Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Олимпиадалық рейтингте ұпай сандары қосылады. Атап айтқанда, жеңімпаз 700 ұпайды еншілесе, 2 орын иегері 490, ал 3 орынға 350 ұпайдан үлестіріледі.

Қазір оқып жатыр

«Мені қатты сөкпеңіз»: Бибісара Асаубаева қазақша үйреніп жүр

.

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.