USD
USD
USD

Джонс қарсыласын жеңді

Америкалық ММА файтері Джон Джонс отандасы Доминик Рейеспен айқасында төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Алайда мамандар төрешілердің шығарған шешіміне келіспеушілік білдірді, – деп хабарлайды Лента.ру.

Джонс қарсыласын жеңді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жекпе-жек қарсыластың шабуылынан басталды. Рейес басымдылыққа ие болып, бірінші нөмірмен жұмыс істеді және қарсыласына қарағанда соққыларын дөп тигізіп отырды. Екінші раундта жағдай өзгермеді. Үшінші кезеңде Джонс шабуылдарды үдетіп, кездесуді өз қолына алатындай сыңай танытты. 

Алайда келесі айналымда Рейес есін жиып, басымдылыққа ие болды. Соңғы раундта Джонс жақсы жұмыс істеді, алайда айтарлықтай басымдылыққа ие болған жоқ.

Нәтижесінде төрешілер жеңісті Джонсқа берді – 48:47, 48:47, 49:46. Осылайша, Джонс үшінші рет чемпиондық атағын қорғап қалды.  Айта кетейік, осы кештің басты кездесулерінің бірінде Валентина Шевченко мерзімінен бұрын америкалық Кэтлин Чукагянды жеңді. 

Қазір оқып жатыр

«Қазақмыстағы» наразылықтан кейін топ-менеджер жұмыстан шеттетілді

.

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай қамауға алынды

Азамат Қапенов