USD
USD
USD

Джохар Царнаев өлім жазасына кесілмейтін болды

АҚШ-тың апелляциялық соты 2013 жылы Бостон марафонында жарылыс жасады деп өлім жазасына кесілген Джохар Царнаевқа қатысты сот шешімінің күшін жойды. Бұл туралы ВВС хабарлайды.

Джохар Царнаев өлім жазасына кесілмейтін болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 27 жастағы Царнаев өмір бойы түрмеде отырады, алайда сот оны өлім жазасына кесуге қатысты тағы да бір сот процесін өткізбек.

Айта кетсек, Бостон марафонының мәресінде болған жарылысқа қатысты істі тергеуге кедергі келтірді деп айыпталған қазақстандық студенттер Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқовта болды.

Кейін белгілі болғандай Азамат Тәжаяқов Бостон терактісін тергеуге кедергі жасауға қатысты айыпты деп танылды.

Д.Қадырбаев 2015 жылы Америка түрмесінде 6 жылға жазасын өтеуге сотталған болатын.

Ол 2013 жылы Бостонда ағайынды Царнаевтар жасаған лаңкестік актіні тергеу кезінде айыпты деп танылды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қадырбаевтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығатынын айтты.

Ол жазасын Техас штатындағы «Big Spring» федералды түрмесінде өтеді.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға