USD
USD
USD

Джо Байден вакцинаны тікелей эфирде салдырды

АҚШ президенті Джо Байден вакцинаны халықтың алдында салдырды.

Джо Байден вакцинаны тікелей эфирде салдырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Джо Байден «Пфайзер-БайонТек» компаниясының вакцинасын тікелей эфирде халық алдында қабылдады. Дэлавер ауруханаларының бірінде болған Байден американдықтарды вакцина қабылдаудан қорықпауға шықырды. Айтуынша, қазіргі қиын қыстау заманда америкалықтар үшін сарапшылардың пікіріне құлақ асу, әрі сақтық шараларын сақтау аса қажетті. АҚШ-та өткен апта ішінде 1,5 миллион американдық ковидпен ауырып, індетті жұқтыру көрсеткіші 1,3 процентке өскен. Елдің 17 штатында ауырғандардың саны күн санап артып келеді.

АҚШ президенті Джо Байден: "Вакцина барынша қолжетімді болған кезде американдықтар оны қабылдауға дайын болулары керек. Уайымдаудың еш қажеті жоқ. Ең маңыздысы, бұл вакцина жай бастамасы ғана. Алдағы уақытта «Модерна» екпесі де қолжетімді болады. Бірақ ол үшін белгілі бір уақыт қажет. Бастысы, денсаулық сақтау мамандарының кеңесіне немқұрайлы қарамаңыздар. Алдағы мереке күндері маска тағу және әлеуметтік арақашықтықты сақтауды қаперлеріңізде ұстаңыздар", - деді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy