USD
USD
USD

Джо Байден Сирия мен Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге $50 млн аударады

АҚШ Президенті Джо Байден Сирия мен Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен босқындар мен мигранттарға Федералды төтенше көмек қорынан 50 миллион доллар жіберу жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Джо Байден Сирия мен Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге $50 млн аударады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. АҚШ президенті "2023 жылғы ақпанда Түркия мен Сирияда болған жер сілкінісінен босқын және мигрант болғандардың шұғыл қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында, оның ішінде халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарға гуманитарлық көмек көрсету үшін жарна мен басқа да көмек арқылы қордан 50 млн доллардан аспайтын көлемде көмек көрсету ұлттық мүдде үшін маңызды деп санайтынын" атап өтті.

7,7 және 7,6 баллдық жер сілкінісі 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында тоғыз сағаттық интервалмен болды.

Жер асты дүмпулері, содан кейінгі жүздеген афтершок республиканың 10 провинциясында және көрші елдерде, соның ішінде ең көп зардап шеккен Сирияда сезілді.

20 ақпанда Хатай провинциясында магнитудасы 6,4 және 5,8 болатын екі зілзала болды.

Түркияда құрбан болғандар саны 44 218 адамды құрады.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай