USD
USD
USD

Джо Байден Ким Чен Ынмен кездесуге қатысты шарт қойды

АҚШ президенті Джо Байден Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесуге қатысты шарт қойды.

Джо Байден Ким Чен Ынмен кездесуге қатысты шарт қойды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Ақ үй басшысы Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Инның Вашингтонға жасаған сапары кезінде мәлімдеді. Екі мемлекет басшысы арасындағы келіссөзде талқыланған басты тақырып – Пхеньянның ядролық бағдарламасына қатысты бірлесе қимыл жасау. Джо Байденнің айтуынша, Корея түбегін ядролық қарудан азат ету бойынша нақты қадамдар келісілгеннен кейін ғана ол Ким Чен Ынмен кездесуге дайын болады. Бірақ бұл – соңғы төрт әкімшіліктің қолынан келмеген өте күрделі міндет.

 АҚШ президенті Джо Байден: "Мемлекеттік хатшы мен әкімшілігіміздегі өзге тұлғалар ядролық қарусыздану туралы мәлімет алғанда ғана кездесуге дайын боламын. Бізге нақты жоспары қажет", - деді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер