2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Джо Байденнің ұлы 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байденнің ұлы Хантер Байден 1,4 миллион доллар салық төлеуден жалтару ісі бойынша барлық тоғыз бап бойынша кінәсін мойындады.

Джо Байденнің ұлы Хантер Байден
Фото: REUTERS/Jonathan Ernst

Алматы, NEGE. Кіші Байден осылайша ашық сот талқылауынан құтылды. Бейсенбі күні Лос-Анджелес федералды сотындағы процеске қатысушылар сотталушының қатысуымен алқабилерді іріктеуге кірісе бастаған. Алайда Хантер Байден бұл процесті тоқтатып, мәлімдеме жасады. 

Судья Марк Скарси Байденді 17 жылға бас бостандығынан айыру және миллион долларға дейін айыппұл төлеуі мүмкін екенін айтты. Хантер оның салдары қандай болатынын түсініп тұрғанын жеткізді.Сонымен қатар Кіші Байден кінәсін мойындауы үшін оған ешкім ешқандай уәде немесе кепілдік бермегенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол өзіне ешқандай қысым көрсетілмегенін алға тартты. 

Судья үкім шығатын күнді 16 желтоқсанға белгіледі.

Байденге 2016-2019 жылдар аралығында 1,4 миллион доллар салық төлеуден жалтарған деген айып тағылып отыр.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті