USD
USD
USD

Джо Байден Нұрлан имамды Америкаға шақырды

 Джо Байден белгілі имам Нұрлан Байжігітұлын Америка құрама штаттарына шақырды. 

Нұрлан Байжігітұлы, Нұрлан имам
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Бұл туралы тележүргізуші Дана Нұржігіт инстаграм парақшасында хабарлап, Нұрлан Байжігітұлынан қысқаша сұхбат алды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дана Нұржігіт (@dana_nurzhigit)

"Жыл сайын Америка Құрама Штаттарының басшысы Джо Байден және оған дейінгі барлық президенттер әр штаттың өкілдерін қайырымдылық шараларына шақырады. Бұл қайырымдылық ас. Сондықтан біздің елден таңдау маған түсіп тұр екен. Мемлекетіміздің мүддесін, Президентіміз жасап жатқан ішкі және сыртқы саясатын жеткізу, сонымен қатар, біздің руханиятымызды кеңейту, паш ету, қазақ тарихының кең екенін көрсету үшін осы сапарға ниет білдіріп отырмыз. Алдағы аптада үлкен сапарға жол жүрмекпіз.

Ас үш дүркін беріледі екен. Бірінші бір беріледі, одан кейін таңдаулыларына беріледі, сосын ең жақындарына беріледі екен. Сол үш дастарханға да мен қосылған екем. Айтар нәрсе көп. Ең алдымен біздің ел бейбіт өмірді қалаған Орта Азиядағы келешекке нық қараған мемлекетекеніміз белгілі ғой. Осы саясаттың жетегінде кетіп қалмастан, өзіндік орны бар әлемдегі үлкен дәрежесі мен мәртебесі бар, өткені бар, бүгіні бар және келешекте көзқарасы бар, нақты пікірі бар мемлекеттің айтары бар әлбетте", – деді Нұрлан имам. 

Ол алдағы апта жол жүретінін атап өтті. 

Қазір оқып жатыр

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.

Ақтөбеде өртенген көліктен үш адамның денесі табылды

.