Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Джинс табиғатқа орасан залал әкеліп жатыр

Джинс маталар киім өндірісін түбегейлі дамытты. Бүгінде сұраныс жоғары. Бірақ, болашақта өндіріс тоқтатылуы мүмкін. 

Джинс табиғатқа орасан залал әкеліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "БҰҰ жаңалықтары" порталының жазуынша, бір жұп джинс өндіруге шамамен 4 000 литр су қажет екен. Бұл ретте табиғатқа келетін залал ұзындығы 111 шақырым болатын автожарыстан кейін бөлінетін зиянды заттармен пара-пар. Сонымен қатар, заттарды жуу кезінде су айдындары мен ауыз суды ластайтын пластиктің микробөлшектері мен басқа да улы заттар ауаға тарайды.

Су ластаушылардың 20 пайызы – тоқыма өнеркәсібінің қалдықтары. Сән индустриясының кең ауқымы планетадағы климаттың өзгеруіне қатты әсер етуде. Бұл салада 300 миллион адам жұмыс істейді, жыл сайынғы айналым – 1,3 триллион доллардан асады.

"Аталмыш айналымның барлық қатысушылары өндіріс процесін қайта қарауға, тоқыма өнеркәсібі арқылы пайда табуға әрі қоршаған ортаға зиян келтіретін әдістерден бас тартуға күш салуы тиіс", – дейді табиғатты қорғау қозғалысының белсендісі Лоренс Мила Каналс.

 Сондай-ақ, тозған киімді сатып алу, ал ескірген киімді second hand-қа тапсыру немесе басқаларға беруді ұсынып отыр.

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov