Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне 15 мың турист келіп, бюджетке 400 миллион теңге салық түседі

Америкалық әнші, әрі актриса Дженнифер Лопес 1 тамыз күні «Астана Арена» стадионында концерт қояды.

Дженнифер Лопес
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасеновтың айтуынша, бұл шара елорда үшін маңызды оқиға болмақ.

Хасеновтың сөзінше, Лопестің концерті коммерциялық негізде ұйымдастырылып отыр және бұл Астананы А санатындағы әлемдік жұлдыздардың гастрольдік картасына енгізуге мүмкіндік береді.

«Біз концертке 15 мыңнан астам турист келеді деп болжап отырмыз, бұл елеулі экономикалық әсер береді. HoReCa (қонақ үй, ресторан және қоғамдық тамақтану) саласына шамамен 6,5 миллиард теңге көлемінде кіріс түседі деп күтілуде, ал салық түсімдері 400 миллион теңгеден асады», – деді Хасенов.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, осындай деңгейдегі концерт өткізу Астананың мәдени және туристік әлеуетін дамытудағы маңызды қадам болмақ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример