USD
USD
USD

Джеки Чанның домбыра үніне қосылып ән шырқаған видеосы тарады

Әлемге атақты актер Джеки Чан домбыраның үніне қосылып ән шырқады.

Джеки Чанның домбыра үніне қосылып ән шырқаған видеосы тарады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Джеки Чанның домбыраның сүйемелдеуімен қытай тілінде ән орындаған видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр. Видеоның қай жерде, қашан түсірілгені белгісіз.

«Бұл әнді түрлі концерттерде естіген боларсыз. Бірақ домбыраның сүйемелдеуін ешкім естімеді. Бүгін мен сіздерге домбырамен «Нағыз батырлар» әнін айтамын», - дейді Джеки Чан.

Еске салайық, бұған дейін Джеки Чан фильмнің түсірілімі үшін Қытайдың Іле-Қазақ автономиялық облысына келген болатын. Бұдан кейін жергілікті этникалық қазақтар актерге шапан мен ат мінгізген. Ал оның алдында Джеки Чанға қазақ әншісі Димаш Құдайберген шапан мен домбыра сыйлаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан Ресей мұнайын өңдеп, кейін кері жөнелтуі мүмкін

мұнай өңдеу

TikTok-тағы уағыз: жастар діни ақпаратты кімнен алып жүр?

ТТ уағыз

Прокуратура Байбектің компаниясының мүддесін қорғады

Бауыржан Байбек

Тоқаев: Орталық Азия жаңа тарихындағы аса табысты кезеңді бастан өткеріп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев