USD
USD
USD

Джеки Чан Олимпиада алауын Ұлы Қытай қорғанымен алып өтті

Бүгін атақты қытайлық актер Джеки Чан XXIV қысқы Олимпиада ойындарындағы алау эстафетасына қатысып, оны Ұлы Қытай қорғанының бойымен алып жүрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Джеки Чан Олимпиада алауын Ұлы Қытай қорғанымен алып өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. 68 жастағы актер эстафетаның отызыншы алаушысы болды. Ол Олимпиада алауын Ұлы Қытай қорғанының ең көп келетін Бадалинг бөлігінде алып жүрді.

Джеки Чанның айтуынша, екінші рет алау ұстаушы атану ол үшін үлкен мәртебе.

«Мен таңғы төртте тұрдым. Бұл менің төртінші Олимпиадам. Мен өте қуаныштымын! Сондай-ақ қатты тоңып тұрмын!», - деді Джеки Чан.

Ол Ұлы Қытай қорғанындағы 10 градустық суыққа қарамастан, эстафетаға қатысушыларды қарсы алған спортшылардың, журналистердің, еріктілердің қуанышты жүздерін көргенде жүрегі жадырайтынын атап өтті.

Сәрсенбі күні Бейжіңде Олимпиада алауының эстафетасы басталды. Оның бағыты 12 негізгі нүктеден тұрады. Маршрут барлық үш олимпиадалық кластер – Бейжің, Янцин және Чжанцзякоу арқылы өтеді және үш күнге созылады. 4 ақпан күні кешке алау XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына арналған Бейжің Олимпиадалық саябағына жеткізіледі.

Қазір оқып жатыр

АҚШ келіссөздерден кейін Иранға қарсы санкцияларды алып тастады

санкция

Әлеуметтік желідегі алауыздық: Бас прокуратура ескерту жасады

желідегі алауыздық

Месси әлем чемпионаттары тарихында гол саны бойынша жаңа рекорд орнатты

Әлем чемпионаты

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак