USD
USD
USD

Джеки Чан Қазақстанда жаңа фильмінің түсірілімін бастады

Алматыда белгілі актер Джеки Чанның қатысуымен түсірілетін Armour of God: Ultimatum халықаралық көркем фильмінің өндірісі ресми түрде басталды.

Джеки Чан, Аида Балаева
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Салтанатты іс-шараға премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық киноиндустрия өкілдері қатысты.

Аида Балаева Джеки Чанды Қазақстандағы түсірілімнің басталуымен құттықтап, оның Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға қосып отырған үлесін жоғары бағалады.

«Қазақстан мәдениетін әлемдік аренада танытуға және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға қосып отырған үлесіңіз үшін Сізге алғыс білдіремін. Алдағы түсірілім жұмыстарына сәттілік, жаңа шығармашылық табыстар тілеймін», – деді ол.

Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Қытайдың мемлекеттік кинокомпаниясы China Film Group Corporation-ның қолдауымен іске асырылып жатыр. Фильм өндірісімен қазақстандық Sәlem Entertainment компаниясы және гонконгтық Billion Target компаниясы айналысады.

Фильмнің түсірілімі 2026 жылғы шілде мен қазан айлары аралығында Қазақстан аумағында өтеді. Түсірілім жұмыстары негізінен Алматы қаласында, Алматы және Маңғыстау облыстарында жүргізіледі. Картинаның қоюшы режиссері – қазақстандық Роберт Кун. 

Мәдениет министрлігі бұл жобаны Қазақстан үшін стратегиялық әрі имидждік тұрғыдан маңызды деп санайды. Оның жүзеге асырылуы еліміздің мәдени, туристік және инвестициялық әлеуетін ілгерілетуге, кинотуризмді дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстанды әлемдік деңгейдегі ірі киножобаларды түсіруге қолайлы заманауи алаң ретінде кеңінен танытуға ықпал етпек.

Қазір оқып жатыр

ҰҚК соңғы төрт жылда 10 террорлық әрекетті тоқтатқан

террорлық әрекет

Үкімет резервінен Астанаға 16 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді: қаражат қайда жұмсалады?

Астана

Air Astana Біріккен Араб Әмірліктерімен әуе қатынасын уақытша тоқтатты

 Air Astana

Қатардың бұрынғы әмірі қайтыс болды: Тоқаев көңіл айтты

.