USD
USD
USD

Джефф Безостың байлығы 212 млрд доллардан асты

 Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безостың байлығы 10,6 миллиард долларға өсті.

Джефф Безостың байлығы 212 млрд доллардан асты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Amazon акцияларының өсуіне байланысты Безостың байлығы 10,6 миллиард долларға өсіп, қазір 212,4 миллиард долларға бағаланып отыр. Акциялар АҚШ қорғаныс министрлігі Microsoft корпорациясымен 10 миллиард долларлық бұлтты сервистік келісімшарттан бас тартты деген ақпараттың аясында жиналды. Amazon өкілдері сотта бұл келісімшартқа қарсы болды. Безос Amazon-ды 1994 жылы құрған және сайтты онлайн кітап дүкенінен бүкіл әлем бойынша тауарлар тасымалдайтын ең ірі интернет-сатушыға айналдырды.

Өткен жылдың басында Безостың басшылығымен Amazon-дың нарықтық капиталдауы 1 трлн доллардан асты. Безос 2017 жылдан бастап Bloomberg-тің әлемдегі ең бай адамдар тізімінде бірінші орынға шыққан болатын. Бірақ 2021 жылдың 7 қаңтарында оны Tesla бас директоры және SpaceX негізін қалаушы Илон Маск 1,5 миллиард доллармен басып озды. Ал ақпан айында Amazon негізін қалаушы әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде бірінші орнын қалпына келтірді, өйткені Масктың байлығы 4,58 миллиард долларға төмендеп, 190 миллиард долларды құраған еді, бұл кезде Безостың байлығы 191 миллиард долларға жетті.

Қазір оқып жатыр

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

.

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Ер-азаматтар

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Тоқаев

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

.