USD
USD
USD

Джефф Безос президент сайлауынан кейін 10,5 млрд долларға байып кетті

Forbes Real-Time рейтингі бойынша, АҚШ президенті сайлауынан кейінгі бірінші күні әлемдегі ең ауқатты он адамның байлығы 34,4 миллиард долларға өскен, – деп хабарлайды РИА Новости.

Джефф Безос президент сайлауынан кейін 10,5 млрд долларға байып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 4 қарашадағы сауда-саттық нәтижелері бойынша рейтингте бірінші тұрған Amazon басшысы Джефф Безостың жағдайы басқаларға қарағанда көбірек өскен. Ол 10,5 миллиард долларға байып, жағдайы 190,6 миллиард долларға жетті.

Facebook басшысы Марк Цукерберг (тізімдегі төртінші орын) сегіз миллиардқа, жалпы 105,5 миллиард долларға дейін байыды. Үндістанның Reliance Industries холдингінің иесі Мукеш Амбанидің (рейтингте 10-шы орын) байлығы 4,1 миллиард долларға өсіп, ал жағдайы 74,2 миллиард долларға жетті.

Алайда топ-10-ға кіретін үш миллиардер байлығын арттыра алмады: Tesla және SpaceX негізін қалаушы Илон Маск 547 миллион долларын жоғалтты, ол рейтингтің бесінші қатарында, алтыншы орында тұрған инвестор Уоррен Баффет 291 миллионнан айырылды, ал Oracle негізін қалаушы Ларри Эллисон (сегізінші орын) - 379 миллион доллардан.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy