USD
USD
USD

Дұрыс емес: Әлия Назарбаева әлеуметтік желіде пікір білдірді

Қазақстанның тұңғыш президентінің кіші қызы Әлия Назарбаева елдегі соңғы жағдайларға қатысты пікірін білдіріп, әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазба жариялады.

Дұрыс емес: Әлия Назарбаева әлеуметтік желіде пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлия Назарбаева күнде тұрғындардан көптеген хат алып жатқанын жазды.

– Құрметті достар! Елімізде болып жатқан қайғылы оқиғаларды жүрекке ауыр тиеді. Барлық қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын. Бұл бәріміз үшін сабақ және осы тарихымыздағы осы сипаттағы жағдайдың соңғысы болсын. Бейбіт уақытта адамдардың өлуі дұрыс емес, – деп жазды ол.

Әлия Назарбаева елдегі тәртіпсіздіктер кезіне өзіне қолдау білдірген қазақстандықтарға алғысын айтып, барша қазақстандыққа амандық тіледі.

– Сіздерден алған қолдау сөздеріңіз үшін де алғыс айтамын. Сондай-ақ, қазіргі уақытта әкеме көрсетілген моральдық қолдауы үшін де алғыс білдіремін, ол осы күндері әр облыстың тұрғындарынан көптеген хабарламалар алып жатыр. Қазақстанға тек бейбітшілік пен гүлдену, қазақстандықтарға амандық пен денсаулық тілеймін. Өзіңізді сақтаңыз, – деп жазды Әлия Назарбаева Facebook парақшасында.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич