USD
USD
USD

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында Димаш Құдайберген өнер көрсетеді

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 2 күн қалды.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. 8 қыркүйек күні сағат 16:00-де Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты алдында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. Бағдарламада музыка, би және дәстүрлі өнер арқылы қазақ мәдениетінің сан алуан байлығы көрермен назарына ұсынылады.

Концерт аяқталғаннан кейін ресми ашылуы сағат 19.00-де басталады. Ашылу салтанатында заманауи сахналық технологиялар мен мультимедиялық дизайн қолданылған, 2 сағаттық ауқымды музыкалық-театрландырылған қойылым көрсетіледі. 3 000-ға жуық өнерпаз қатысады.

Ашылу салтанаты дәстүрлі түрде спорт делегацияларының шеруінен басталып, соңында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің орындауындағы халықтар достығы мен бірлігі туралы музыкалық композициямен түйінделеді. 

Дүбірлі доданың ашылу салтанаты 8 қыркүйек күні сағат 19.00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен көрсетіледі.

Қазір оқып жатыр

«Бір басын шапсаң, үш басы өседі»: экономист «Самұрық-Қазынаны» айдаһарға теңеді

Самрұқ

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев